Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке барып жүр

Алматы облысында 2000 оқушы шалғайдағы мектепке барып жүр
фото: © RIA Novosti Айдана Дайырова

Алматы облысының Іле ауданында қатар орналасқан 14 саяжайда тұратын 1700-ден астам оқушы мектепке қиындықпен қатынап жүр. Кезінде аядай ғана болған Сокол - Мерей саяжайының бүгінде ауқымы үлкейген. Мұнда шамамен 14 саяжай бар. Тұрғындары туралы нақты дерек жоқ, бірақ 2000 оқушы бар. Бүгін мектеп сұраған тұрғындар ереуілге шықты.

"Бізге мектеп керек. 2 мыңға жуық бала мектепке дұрыстап қатынай алмай жүрміз. 5 мектепке бөлініп оқиды. Ол мектептердің бірі осы жерден 15 шақырым жерде орналасқан. Мектепке барып білім алу бейнетке айналды", - дейді саяжай тұрғындары.

Балаларды таситын автобус жеткіліксіз. Балалар сыймай қалады.

"Бала біткенді "пресс" қып мінгізіп алады. Автобус өте аз. Бірнеше шақырым жерден тастап кетеді. Қыста балаларымыз қала" қатынайды сонда?", - дейді ауыл тұрғыны Жанат Салтұмбаева.

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сұрайтыны – мектеп.

Халықтың базынасын тыңдауға Ақсу ауылдық округінің әкімі келді. Бірақ журналистерге атын да айтпады, жауап беруден де түбегейлі бас тартты.

"Журналистерге жауап бермеймін. Халық сұрағын қойсын, соларға сөйлеймін", - дейді Ақсу ауылдық округінің аты-жөні белгісіз әкімі.

Әкімнің айтуынша, мектеп жоспарда бар, бірақ қазір салынбайды.

ҚазАқпарат