ҚазАвтоЖол жүргізушілерді сақтыққа шақырды

ҚазАвтоЖол жүргізушілерді сақтыққа шақырды
фото: https://pixabay.com/ru/

ҚазАвтоЖол мамандарының ескертуі
Жүргізушілерге шаршаңқы күйде рөлге отырмау қажет. Ұйқысыздық пен шаршау – жол апаттарының басты себептерінің бірі.

Неге қауіпті?

Зейін мен реакция баяулайды;

Көру қабілеті, қашықтықты бағалау нашарлайды;

Жылдамдықты дұрыс сезінбейді;

«Микроұйқы» пайда болуы мүмкін.

17 сағат ұйықтамаған адамның реакциясы – 0,05 промилле алкогольге, ал тәуліктік ұйқысыздық – 0,1 промиллеге тең.

Жүргізушілерге кеңес:

Жолға шығар алдында жақсылап ұйықтау;

Әр 3–4 сағат сайын аялдап, демалу;

Түнде жолға шықпау;

Шаршау белгілері байқалса тоқтап, серуендеу не қысқа ұйықтап алу.

Қорытынды:
Шаршаған күйде көлік жүргізу өзге адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Қазақстанда жол апаттарының бір себебі – жүргізушілердің шаршауы мен зейіннің төмендеуі.