фото: pixabay.com
Сіз ойлап көрдіңіз бе? Ас пісіру – жай ғана үй шаруасы емес, отбасыны біріктіретін берік дәстүр.
1980-жылдары АҚШ-та үйде ас дайындау азайып, дайын тамаққа сұраныс артқанда, кейбір экономистер ескерткен еді:
«Егер балалар мен қарттарға қамқорлықты мемлекет өз мойнына алса, ал тамақты жеке компаниялар дайындайтын болса, отбасы құрылымы әлсірейді». Сол кезде бұл сөздерге көп адам мән бермеді.
Ал кейін не болды?
1971 жылы америкалық отбасылардың 71%-ы ерлі-зайыптылар мен балалар бірге тұратын толыққанды отбасы болатын.
Бүгінде мұндай отбасылар небәрі 20% ғана қалды.
Қалғаны қайда кетті?
Қарттар үйінде, жалғыз пәтерлерде немесе байланысы үзілген өмірде...
– Әйелдердің 15%-ы жалғыз тұрады,
– Ерлердің 12%-ы отбасында жалғызсырайды,
– Балалардың 41%-ы некесіз дүниеге келеді,
– Алғашқы некелердің 50%-ы ажырасады,
– Екінші некелердің 67%-ы,
– Үшіншілерінің 74%-ы ажырасумен аяқталады.
Бұл жай ғана сәйкестік емес... Бұл – асүйдің оты өшкенінің әлеуметтік құны.
Үйдегі ас – тек тағам емес, ол – мейірім, байланыс, тыныштық.
Отбасы бірге отырып ас ішкенде:
- жүректер жақындайды,
- балалар ата-әжесінен тәлім алады,
- қарым-қатынас жұмсарып, жақындық артады.
Ал әркім өз құрылғысымен жеке отырып тамақтанғанда, үй тек қонақүйге айналады, отбасы мүшелері әлеуметтік желідегі достардай ресми болып қалады.
Сырттан келетін тағамның тағы бір зияны:
– сапасыз май,
– жасанды дәмдеуіш,
– фастфудқа тәуелділік,
жоғары бағаға төмен сапалы, зиянды ас.
Салдары: семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы, жас кезінде қан қысымының көтерілуі!
Енді не жеу керегін бізге компаниялар айтады, ал фармацевтикалық алпауыттар «денсаулығымызды қорғау» деген атпен табыс табады.
Біздің ата-бабаларымыз жолға шыққанда да өздері пісірген асты алып жүретін.
Ал біз үйде отырып та сырттан тамақ алуды жеңіл санаймыз.
Әлі де кеш емес!
Асүйдің отын жағыңыз – тек ошақты ғана емес, қарым-қатынасты, мейірімді, қауіпсіздікті, дәстүрді және денсаулықты да тірілтіңіз.
Үй бір ғана жатын бөлмеден тұрмайды, отбасыны бір асүй біріктіреді!
Материал әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через