фото: kursiv.media
Бөлінген қаражат ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.
Каспий теңізі институтын дамытуға Үкімет резервінен 305 миллион теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Институт экожүйені сақтау, балық қоры мен ихтиофаунаны зерттеу, итбалықтардың қырылу себептерін анықтау және популяциясын қорғау бағытында жұмыс істейді.
Сонымен қатар теңіздің гидрологиялық процестерін, деңгейін, климат өзгерістерін, судың сапасын және биологиялық алуантүрлілікті бақылаумен айналысады. Бөлінген қаражат ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады екен.
«Үкімет резервінен бөлінген қаражат спутниктік мониторинг, гидробиология, гидрохимия, зертханаларында талдау, зерттеу жүргізуге, сонымен қатар институттың алдына қойылған басқа да міндеттерді орындауға ықпал етеді», - деді «Қазақ Каспий теңізі ҒЗИ» КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Берішбаев.
https://almaty.tv/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через