Енді әскерге шақыру SMS арқылы хабарланатын болады

Енді әскерге шақыру SMS арқылы хабарланатын болады
фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy/press/news/

       Қазақстан Үкіметі әскери қызметке шақыру тәртібін жетілдіруге бағытталған қаулы жобасын жариялады.

       Құжат "Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейді.

       Жобаның мақсаты – әскерге шақыруды ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қалыптастыру.

       Енді әскерге шақыруды кейінге қалдыру рәсімі мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүргізіледі.

       Сонымен қатар, әскери есептегі азаматтарға жолданған SMS-хабарламалар ресми шақырудың заңды түрі ретінде қарастырылмақ.

       https://inbusiness.kz/kz