фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Астанада Қытай халқының Жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Шараны Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі мен Қорғаныс министрлігі ұйымдастырды.
Көрмеге 125 тарихи сурет қойылған. Онда Қытай халқының 14 жылға созылған қаһармандық күресі мен әлемдік антифашистік соғыстағы үлесі көрсетілген.
Ашылу салтанатында Қытай Елшісі Хань Чуньлин Қытайдың фашизмге қарсы соғыстағы рөлін атап өтті. Ал генерал-майор Асқар Мұстабеков Қазақстан сарбаздарының 1945 жылғы Маньчжурия операциясына қатысып, Жапон армиясын талқандауға үлес қосқанын айтты.
Standard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через