фото: azh.kz
16 тамызда Жайық жағалауында өткен жастар фестивалі кезінде 70-тен аса бала жоғалып кеткен. Бұл тураплы "Сапалы Қазақстан" порталы "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Табылған балалар жақын маңдағы полиция бекетіне жеткізілген. Бірі жылап отырса, кейбірі телефонға үңіліп, ал ең кішкентайлары орындықта ұйықтап қалған.
Жоғалғандардың жасы 5 пен 16 жас аралығында болған.

Фото: azh.kz.
"Жеті жастағы Әлтайыр ағасын жоғалтып, ұзақ уақыт тыныштала алмады. Кейін ата-анасы екеуін де тапты. 11 жастағы Әмина анасынан қалып қойған, себебі құрбыларымен суретке түсіп жатқан. 10 жастағы Азамат ойыншықтарға қызығып, адасып кеткен. Ал 9 жастағы Сания доппен ойнап жүріп, алысқа кетіп қалған", – деп жазады жергілікті журналистер.

Полицейлердің ерекше назарын Тендік ауылынан келген бір бала аударған, ол үлкен балалармен жанжалдасып қалған.
Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында қолында пышақ болған жасөспірімдер де анықталды. Полиция олардың концертке қарумен келу себебін тексеріп жатыр.
Құқық қорғаушылар ата-аналарға мұқият болып, балаларын қадағалауды ескертті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через