фото: https://pixabay.com/ru/
Атлант мұхитында дүлей дауыл көтеріле бастады. АҚШ-тың желдерді бақылау орталығының мәліметі бойынша, оның екпіні ең қауіпті деңгейге жеткен. Дауылдың эпицентрі Ангилья аралынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 193 шақырым жерде орналасқан. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 233 шақырымға дейін жетеді. Ауа райын болжаушылар ол құрлыққа соқса жауын селдетіп, арты алапат тасқынға ұласуы мүмкін деп отыр. Мұхит маңындағы аймақтарда, соның ішінде АҚШ-тағы Солтүстік Каролинада қауіптің жоғары деңгейі жарияланды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через