фото: https://pixabay.com/ru/
Ақтөбе облысында инновациялық құбыр зауыты салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруды "Well Master" компаниясы іске асыруға мүдделі. Жаңа зауытта арматураланған иілгіш полиэтилен құбырлары шығарылады.
"Өнім ыстық және суық қысымды сумен жабдықтау жүйелеріне арналған және мұнай-газ өнеркәсібі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тау-кен өндіру салаларында сұранысқа ие болады", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ компания штангалы терең сораптар мен электрлі орталықтан тепкіш сораптарға арналған кабельді шығаруға ниетті.
Ал жаңа кәсіпорынды экономикалық аймақта орналастырудың арқасында салықтық және кедендік жеңілдіктер, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік бар. Зауыт салынатын жерде инфрақұрылым да болады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через