фото: pixabay.com
АҚШ президенті Дональд Трамп сауда серіктестерін АҚШ-пен сауда тапшылығы деңгейіне қарай топтарға бөліп, ондаған елге ауқымды импорттық баж салығын енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат 1 тамызға қараған түні Ақ үйдің сайтында жарияланған.
Ең қатаң шаралар АҚШ сауда келісіміне қол жеткізбеген немесе айтарлықтай сауда тапшылығы бар елдерге әсер етті. Ең жоғары көрсеткіш Сирияға (41%), Мьянмаға (40%), Швейцарияға (39%), сондай-ақ Ирак пен Сербияға (әрқайсысы 35%) қатысты.
Ақ үй елдер мен аумақтардың тізімі және оларға жүктелген міндеттер жазылған қосымшаны жариялады. Бұл тізім бойынша Қазақстанға 25 пайыздық баж салығы салынды.
2025 жылдың 8 шілдесінде АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Америка Құрама Штаттары 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қазақстандық тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған болатын. Кейінірек Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа баж енгізуге қатысты жауап берді.
Нью-Йоркте дүкендер жабылып жатыр.
24.kz сайты жазғанындай, бұған Дональд Трамптың өзге елдерден келетін тауарларға баж салығын енгізу шаралары тікелей әсер етіп отыр. Жоғары тарифтердің салдарынан тауарлардың бағасын еке есе қымбаттатуға тура келген. Оның үстіне, жұрттың көбі смауданы онлайн жасауға көшкендіктен дүкендерде келім-кетім кісінің қарасы азайған. Сатушылар Amazon секілді алпауыт компаниялармен бәсекеге түсу қиын, - дейді.
Дженнифер Бергман, ойыншық дүкенінің иесі: - Дүкеніміздің жұмыс істеп тұрғанына 44 жыл болды. Қазір енгізіліп жатқан жоғары тарифтерді ірі компаниялардың ғана қауқары жетеді. Біз секілді шағын дүкендерге бұл тиімсіз. Қазір жабылмасақ саудамызда кірістен гөрі шығын көп болғалы тұр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через