фото: Алматы әкімшілігі баспасөз қызметі
Қарғалы өзенінің Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы бөлігінде судың түсі өзгерді.
"Болжам бойынша, өзен арнасына жасыл түсті химиялық зат төгілген болуы мүмкін. Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы аумақты тексерді", - делінген хабарламада.
Суға қандай зат түскенін және оның концентрациясы қандай екенін анықтау үшін қалалық экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері зертханалық тексеру үшін су сынамасын алды.
Бүгін экологтар мен санитарлық эпидемиологтар, сондай-ақ Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, зардаптарды жоюға кіріседі.
Өзен арнасында судың табиғи түсін сақталып тұр, ластану белгілері тіркелген жоқ, деп хабарлады әкімдіктегілер.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через