Алматыда көлік ішінен адамның мәйіті табылды

Алматыда көлік ішінен адамның мәйіті табылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ

Алматыда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Түрксіб ауданында автокөліктен ер адамның мәйіті табылды.

"Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - дейді ведомстводағылар.

Қазір ер адамның көз жұму себебін нақты анықтау мақсатында тиісті сараптамалар жасалып жатыр.

Іс материалдарын Түрксіб аудандық полиция басқармасын қарастырып жатыр , дейді полициядағылар.

ҚазАқпарат