фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр
Батыс Қазақстан облысында ауылдық округтерде жұмыс істейтін ветеринар мамандарға 106 жаңа қызметтік автокөлік табысталды.
Барлық көлік заманауи ветеринариялық құрал-жабдықпен жабдықталған. Соның арқасында елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдамдығы да, тиімділігі де арта түседі.
Өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің айтуынша, соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге бөлінді. Ал төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техника сатып алынды.
"Биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда "Батысирригация" мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді", - дейді Төреғалиев.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через