WhatsApp

Елімізде ұялы байланыс абонентінің саны 26 миллионға жетті

Елімізде ұялы байланыс абонентінің саны 26 миллионға жетті
фото: pixabay.com

Елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны артып, 26 миллионға жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,6 пайызға артық, деп жазды24.kz сайты.

 Абоненттердің жалпы санының 18 миллионы интернетке қосылған. Мұнда бір жылдағы өсім 4,8 пайыз. 

Ал ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлік болады.

 Саладағы жыл басынан бергі қызметтердің көлемі 190 миллиард теңгеден асады. 

 Ұялы байланыс абоненті – 26 млн – 3,6%  18 млн абонент – интернетке қосылған 

Абоненттерге көрсетілген қызмет – ₸191,3 млрд