Еуропада мұндай жойқын апат осыдан 57 жыл бұрын Португалияда болған
Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 211-ге жетті. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару бригадасы бірнеше күннен бері үйінділерді аршып, қирандыларды қазып жатыр. Оған 2,5 мыңнан астам әскер жұмылдырылған. Билік тағы 5 мың маманды жөнелтуге тапсырма берді.
Айта кетері, Еуропада мұндай жойқын апат осыдан 57 жыл бұрын Португалияда болған. Тасқын салдарынан 500 адам көз жұмды.
ҚазАқпарат