Сүт және сүт өнімдерінің ағзаға пайдасы

Сүт және сүт өнімдерінің ағзаға пайдасы
фото: https://www.istockphoto.com/

     Сүт - күрделі құрамды биологиялық, организмге 95-98% -і сіңетін, крем реңді ақ түсті және өзіне тән тәтті жағымды дәмді сұйык. 

     Сүт адам тамақтануында маңызды орын алады, себебі оның қүрамында
амин қышкылдары, макро жэне микроэлементтер, витаминдер, ферменттер және т.б. бар. Бұл заттар адам организміне жеңіл сіңеді. Белоктар ерекше құнды, себебі олар биологиялық толык құнды.

      Сүт - маңызды минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдердің көзі. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едәуір көп болады. Мал сүті – құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, құрт,ірімшік, қаймақ, айран,т.б. жасалады. 

     Салауатты тамақтануға арналған сүт өнімдері күніне кем дегенде 2 толық стақан сүтті немесе сонша айран немесе йогуртты, сондай –ақ 1-2 тілім ірімшікті қолдануға кеңес беріледі. Сүтті тек таңғы аста ішуге ғана емес, сонымен қатар оны шөлді қандыру үшін, күні бойы қолдануға болады.


Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау
және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас
маманы Махмутова Салтанат Замановна.