WhatsApp

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді
фото: pixabay.com

13-15 желтоқсан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды “Сапалы Қазақстан” порталы olympic.kz-ке сілтеме жасап.

14 желтоқсан күні қатысушылар қысқа бағдарламаны орындаса, 15 желтоқсанда еркін бағдарлама жоспарланған. 

Чемпионатқа қатысуға 74 спортшы өтінім берген.

Олардың арасында еліміздің үздіктері Михаил Шайдоров пен Рахат Бралин және Диас Жиренбаевтар бар. 

Қыздар арасында Анна Левковец, Софья Фарафоновалар сынға түседі.