Хакерлер мұғалімдердің жалақысын ұрлаған

Хакерлер мұғалімдердің жалақысын ұрлаған
фото: pexels.com

ҚР Бас прокуратурасы азаматтарға жаңа киберқауіп туралы ескертті, деп жазды kaz.inform.kz.

Шетелдік дереккөздерге сәйкес (Microsoft Security Blog, , SecurityLab.ru, CISOclub.ru), бірқатар кибершабуылдар нәтижесінде АҚШ-тың 25 оқу орнында 6000-нан астам мұғалім зардап шеккен.

Интернет-алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы ақша ұрлаған.

Мамандардың айтуынша, алаяқтықтың бұл түрі басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға да бейімделуі мүмкін.

- Осыған байланысты бақылаушы органның комитеті азаматтарға киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін төмендегі ережелерді сақтауға кеңес береді:

- күмән тудыратын хаттар мен сілтемелерді ашпау;

- электрондық хаттардың тіркемелерін жүктемеу;

- күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Сіздің ең жақсы қорғанышыңыз – қырағылық және кибергигиена!» – деп атап өтті ведомстводан.