фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstandyq-studentter-iii-turki-universiadasynda-23-medal-zenip-aldy
Қазақстан студенттері III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысқан болатын, деп хабарлады informburo.kz.
Универсиаданың ашылу рәсіміне Қазақстаннан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Satbayev University-дің ғылым және корпоративті даму жөніндегі проректоры Ержан Кульдиев, Қазақстан студенттік спорты одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев, Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысты. Сонымен қатар ұлттық делегация құрамында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғауға дайын спортшылар мен жаттықтырушылар болды.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Универсиадада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары жарысқа түсті. Ол волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркияда өтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через