Бокстан Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Бокстан Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды
фото: https://aikyn.kz

       Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.

       Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

       Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Робияхон Бахтиерованы жеңді.

       Айта кетейік, финалдық кезеңде, сондай-ақ, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бақ сынайды.

       https://nege.kz/