Астанада 5 мың оқушы Абайдың әнін шырқады

Астанада 5 мың оқушы Абайдың әнін шырқады
фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Оқушылар "Абай-180 жыл" жазуы бар футболка киді

Астанада Абайдың 180 жылдығына орай 5 мың оқушы ұлы ақынның "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындады.

Іс-шараның мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Ол үшін алаңға орта және музыка мектептерінің оқушылары жиналды. 5 мыңға жуық оқушының бәрі "Абай-180 жыл" жазуы бар футболка киіп, әнді орындап біткен кезде қолдарына ұстаған көк қағаздарды жоғары көтерді. Осылайша, жоғарыдан қарағанда "Абай" деген жазу шықты.

Айта кетері, 10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күні. Астанада ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар жыл басынан бері өткізіліп келедi. Ал негізгі мерейтолық шаралары Абай облысында Қарауыл төбеде өтіп жатыр.

ҚазАқпарат