фото: https://pixabay.com/ru
Осы айда Жаңаөзен тұрғындарына алғашқы 12-13 мың текше метр таза су беріледі деп жоспарланған
Маңғыстау облысында Кендірлі жағалауында теңіз суын тұщыту зауытындағы жұмыстар аяқталып қалды.
Қазіргі уақытта мамандар магистральдық құбырлардағы қысымды тестілеуден өткізіп, сорғы қондырғыларының жұмысын тексеріп жатыр.
Жоба Токмақ мүйісінде жүзеге асырылып жатыр және қала мен оның айналасын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналып отыр.
Зауыт тәулігіне 50 мың текше метр суды тазалайды. Осы айда Жаңаөзен тұрғындарына алғашқы 12-13 мың текше метр таза су беріледі деп жоспарланған.
"Бұл аймақтың су мәселесін шешуде маңызды қадам. Зауыт іске қосылса, Жаңаөзен мен оған іргелес елді мекендер үшін елеулі көмек болады", - дейді Жаңаөзен әкімдігінің мамандары.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через